2020 жылдың 13 ақпаны күні Ақжайық модельдік кітапханасында Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының басшысы Есенгалиев Сұңғат Жексембайұлы, осы басқарманың бас маманы Нұрымов Арман Батырғалиұлы Ақжайық ауылдық округінің шаруа қожалығы басшыларына және жеке кәсіпкерлеріне 01.01.2020 жылдан бастап салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы семинар өткізді.

Семинарға қатысқан салық төлеушілер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға толықтай жауап алды.