Ақжайық ауылдық мәдениет үйінде "Асыл әжелер" әжелер ансамбльдерінің концерттік бағдарламасы өнер сүйер көрермен назарына ұсынылып, Ақсоғым ауылынан халықтық «Ақ отау» әжелер ансамблі, Шағатай ауылынан «Ақтілек», Сарыөмір ауылынан «Ғасыр үні», Подстепное ауылынан «Япурай», Аңқаты ауылынан «Ақерке», Ақжайық ауылынан «Ақниет», Абай ауылынан «Қазына», Қоғалытүбек ауылынан «Асыл мұра» әжелер ансамблідері қатысқан қазыналы қарттарымыздың мағыналы, маңызы зор мәдени шарасы өтті.