Ақжайық ауылдық округі бойынша Білім күні аталып өтілді. Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген алғашқы қоңырау мерекесіне Теректі аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, жергілікті мекеме басшылары және ардагер ұстаздар қатысты. Алғы сөз алған мектеп басшысы Шолпан Какижанова жиналған ата-ана, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Салтанатты жиын қонақтары аудандық мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев пен ардагер ұстаз М.А.Молдағалиева жиналған жұртқа жаңа бастамалар мен жаңа жетістіктер тілеп, ақ тілектерін жаудырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер тақпақ оқып, алғашқы қоңырау соқты. Мектеп мұғалімдері ауылдық округ әкімі Б.А.Кадыралиевтің және мектеп директоры Ш.Какижанованың алғыс хаттарымен марапатталды.