Бүгін Ақжайық ауылдық мәдениет үйінде жерлесіміз, еліміздің мақтанышы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, актриса, профессор Әсел Иманғалиқызы Мәмбетова кеші өтті. Кеш барысында Әсел Иманғалиқызының өмірбаяны, өнер жолынан сыр шертетін бейнероликтер халық назарына ұсынылып, "Келіндер ансамблі" атты спектакль қойылып, халық қошеметіне ие болды. Кеш соңында Әсел Иманғалиқызына аудан әкімінің атынан алғыс хат, гүл шоқтары мен шапан және Ақжайық ЖОББМ ұжымы атынан алғыс хат пен естедік сыйлықтар, сонымен қатар, аудандық "Ғазал" жас ақындар клубының төрағасы Айбек Әбілқалымның атынан арнау табысталды. Ауыл халқы атынан жерлес апамызды ұстаздары мен ел ағалары арнайы құттықтады..