1 қыркүйек Білім күні қарсаңында мектебімізде ITсынып ашылды. Ашылу салтанатына ардагер ұстаздар, ұстаздар оқушылар және ата-аналар қатысты. Сыныпты ашу мәртебесі ардагер ұстазымыз Төлеген Икрамовичке тапсырылды.
Елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін қолға алынған бағдарлама қоғамнан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Ол үшін азаматтардың ІТ-сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды күнделікті өмірде кеңінен қолдану міндеті тұр. Сыныптың басты ерекшелігі – жылдам интернет, оқушылардың жайлылығы мен сабақ процесіне жасалған жағдай.
ІТ сыныбының кілті кабинет меңгерушісі Рустам Мергеновичка табысталды. Кабинет өзінің ерекшелігі туралы түсіндіріп, облыстық, аудандық байқаулар жеңімпаздары, робототехника саласына өз үлесін қосып жүрген оқушылардың жұмыстарының таныстырылымдарын іс жүзінде көрсетті.