2020 жылға Ақжайық ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының орындалуы туралы

 

 

Ақжайық ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бағытында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» № 986 Жарлығын насихаттау, орындау мақсатында жоспар құрылып, іс-шаралар атқарылып келеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы идеология қалыптастыру мақсатында Ақжайық ауылдық округі бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:

Ақжайық ауылының кіреберісінде, Ақжайық және Гагарин көшелері бойында көлемі 3х6 м болатын сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы 3 баннер, мекемелерге «Пара берсең жазаланасың» плакаттары ілінді. Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын жерлерге (дүкендер, дәріхана, аурухана, мектеп) 83 жадынама ілініп, халыққа қолма-қол 147 жадынама таратылды.

Теректі аудандық №2 сотының ғимаратында округ тұрғындары қатысатын «Жемқорлықсыз сот» дөңгелек үстелі шілде айына жоспарланды.

Мектептердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында «Үздік сурет», «Үздік шығарма» сайыстары да шілде айына жоспарланды.

Жыл басынан 85 өтініш тіркелді (55 – мемлекеттік қызмет көрсету). Шағымдар мен қайта берілген өтініштер жоқ. БАҚ-да критикалық жарияланымдар болған жоқ.

Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №16 өкімімен округтің беделді, зиялы қауымын сыбайлас жемқорлықпен күреске тарту және оның алдын алу мақсатында ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды.

Штаб құрамы:

  1. Нарышев Салауат – зейнеткер, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
  2. Бекмаганбетов Талгат Адилгереевич – Ақжайық ЖОББМ директорының шаруаш. ісі жөн. орынбасары.
  3. Хайруллина Калима Нуржановна – ЖК.
  4. Рыскалиев Жардем Утенович – «Маскар» ш/қ басшысы.
  5. Сары Мәмбет Әбілқалымұлы – Ақжайық БПҰ төрағасының орынбасары.

Аталған штаб өз жұмысын бастады, қазіргі уақытқа дейін округ тұрғындары, жеке кәсіпкерлер және жастар қатысқан 2 кездесу (32 тұрғын қатысты) өткізді.  

Зерттеп, танысу үшін аппарат қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» таратылды. Аппарат қызметкерлері, сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға тапсыру және одан бас тартқан жағдайда оны сату немесе басқа тұлғамен сатып алу тетігі мен тапсыру мерзімдерін көздейтін жадынамамен таныстырылды.