Кадыралиев Болат Александрұлы 1975 жылы қазіргі БҚО, Теректі Сүттігенді ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Жоғары білімді, мамандығы – тарих пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолын 1992 жылы «Еңбек» совхозында жұмысшы болып бастаған.
1997-2009 жылдары аралығында Сүттігенді негізгі мектебінде мұғалім, 2009-2012 жылдары аралығында Талпын орта мектебінде директор болып қызметтер атқарды.
2012-2013 жылдары аралығында Ақжайық ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2013-2017 жылдары аралығында Аңқаты селолық округінің әкімі болып жұмыс жасады.
2017 жылдың тамыз айынан бастап Ақжайық ауылдық округі әкімінің қызметін атқарып келеді.
Сұрақ қою