Ақжайық ауылдық округі ауданның оңтүстік бөлігінде орналасқан, аумағы 759,8 км2. Округтің құрамына Ақжайық (әкімшілік орталық), Абай, Талпын, Ақжайық Санаториясы, Сүттігенді, Подхоз елді мекендері кіреді.

01.01.2019 ж халқының саны 4899 адам; оның ішінде Ақжайық ауылында – 3298, Абай ауылында – 779, Ақжайық Санаториясы ауылында – 177, Подхоз ауылында – 150,  Сүттігенді ауылында –30, Талпын ауылында – 465  адам.