Ақжайық ауылдық округі Теректі ауданының оңтүстік бөлігінде орналасқан, аумағы 75 967 га. Округтің құрамына Ақжайық, Абай, Талпын, Сүттігенді, Ақжайық санаториясы, Подхоз елді мекендері кіреді. Халқының саны 01.07.2018 жылғы жағдай бойынша 4 889 адам; оның ішінде Ақжайық ауылында – 3 271, Абай – 778, Ақжайық санаториясы – 181, Подхоз – 151, Сүттігенді – 40, Талпын ауылында – 468 адам, округ бойынша отбасы саны - 1 249, аула саны – 1 068. Экономикалық белсенді адам саны – 2 172. Сайлаушылар саны – 2 963.

Ұлттық құрам: қазақтар – 4 797, орыстар – 62, украиндықтар – 9, немістер – 7, басқа ұлттар – 14 адам.